Байденнің немересінің күзетшісі Вашингтонда атыс шығарды

Сурет: pixabay
АҚШ президенті Джо Байденнің немересін күзететін құпия қызмет агенттері Вашингтонда атыс шығарды. Олар көлік ұрыларын ұстамақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Telegraph басылымының жазуынша, Джо Байденнің немересінің күзетшілері Вашингтонда үкімет көлігін ұрламақ болған үш адамға оқ жаудырған. Көлік ұрылары Құпия қызмет фургонының терезесін сындырып жатқан жерінде ұсталды.

Наоми Байденді күзететін екі агент ұрыларға оқ жаудырды, бірақ ешқайсысына оқ тиген жоқ. Қылмыскерлер көлігікке отырып қашып кеткен, олар қала бойынша іздестірілуде. Бұл оқыс жағдайда АҚШ президентінің немересі зардап шеккен жоқ.

Вашингтон бірнеше ай бойы қылмыс деңгейінің өсуімен күресіп келеді. Биыл Америка астанасында ұрланған көліктер туралы 6 мыңнан астам хабарлама тіркелген. Вашингтонда көлік тонағаны үшін ұсталғандардың көбі жасөспірімдер. Полиция жүргізушілерге Америка астанасының көшелерінде жалғыз жүрмеуге кеңес берді. Зорлық-зомбылық қылмыстары да өсті, 

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді