Денсаулық сақтау министрлігі Қытайдағы жаңа вирус туралы қауесетке пікір білдірді

Сурет: Алматы әкімдігі
28 қарашада өткен үкімет брифингінде Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова Қытайда жаңа жұқпалы вирус анықталды деген қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зәуре Ахметова қазір бүкіл әлемде биологиялық жағдай шиеленісіп тұрғанын хабарлады. Бірақ Қытайдан жаңа вирус табылған жоқ.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ресми мәліметтерге сай, ол жерде жаңа немесе белгісіз ауру қоздырғышы табылған жоқ. Демек бұл - өзінің маусымдық сипаты бар кәдімгі классикалық жұқпалы аурулар жағдайы", - деді Зәуре Ахметова.

Оның айтуынша, бұл Қазақстандағы ата-аналардың дүрбелеңге түсуіне негіз болмауы керек. Өйткені уақытылы егу, вакцинациялау балалардың денсаулығын сақтауға көмектеседі.

"Covid кезінде шектеулер болды. Ал оны алып тастағанда бүкіл әлемде жұқпалы аурулардың көбейіп жатқанын байқап отырмыз. Адамдар бір-бірімен көбірек араласа бастады, саяхаттай бастады және қоғамдық орындарға шектеу кезіндегіден жиі баратын болды. Бұл вакцинацияланбаған адамдар арасында жұқпалы аурулардың көбеюіне әкеп соқтырды", - деп түсіндірді Ахметова Зәуре.

27 қарашада Қытай Денсаулық сақтау министрлігі елдің солтүстігінде тыныс алу жолдары ауруларының өршуіне жаңа вирус себеп болды деген ақпаратты жоққа шығарды.

28 қарашада Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы қызылша жағдайына байланысты 30 бала жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды