Балмұздақ таситын көлік Қырғызстанда 29 баланы қағып кетті

Сурет: Zakon.kz
2 мамырда сағат 13:30 шамасында Жалал-Абад облысының Созақ ауданында шағын балмұздақ таситын көлік 29 баланы қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зардап шеккендердің жасы 9-дан 16 жасқа дейін, деп жазады "Кабар" агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазір зардап шеккендердің жетеуі реанимацияда. Үшеуінің жағдайы ауыр деп бағаланды.

Тағы үш бала Созақ аудандық ауруханасында және сегізі ЦОПВ-ға жатқызылды. Олардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде.

ТЖ орнында он бір оқушыға көмек көрсетілді. Олар амбулаториялық емделуге жіберілді.

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесін жеке бақылауға алып, оларға сапалы медициналық көмек пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды

Алматылық әйелдің ұзақ уақыт бойы мазасын алған ер адам сталкинг күдігімен ұсталды

Мемлекет басшысы: Қазақстанда үш жылда 3 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған