Қырғыз Президенті балмұздақ таситын көлік қаққан 10 баланы Бішкекке жеткізуді тапсырды

Сурет: ашық дерек көздерден алынды
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасы бойынша Жалал-Абад облысында балмұздақ таситын көлік жапырып өтуі салдарынан қатты зардап шеккен 10 бала Бішкекке арнайы ұшақпен жеткізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың жағдайы ауыр деп бағаланады. Зардап шеккендер Бішкек қалалық балалар клиникалық жедел медициналық жәрдем ауруханасында болады.

Президент Садыр Жапаров балаларды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді тапсырды әрі медициналық мамандарға тәулік бойы бақылау жүргізуін талап етті. 

Айта кетсек, 2 мамырда сағат 13:30 шамасында Жалал-Абад облысының Созақ ауданында шағын балмұздақ таситын көлік 29 баланы қағып кетті. Зардап шеккендер - 9 бен 16 жас аралығындағылар. Жүк көлігінің жүргізушісі тұтқындалды. Ер адам аталған шараға демеуші ретінде қатыспақ болғаны белгілі болды. Жеті қорап балмұздақ алып келіп, көлігін тоқтатқан. Көлігінен түскен ол мектеп директорына қоңырау шалып, жағдайды білмек болады. Сол кезде тұрған көлік өз бетімен төменге ылдилай жөнелген. 

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін