Роберт Фицоға жасалған қастандық: сот күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындады

Сурет: Facebook/Юрай Цинтулу
Пезинок қаласындағы арнайы қылмыстық соты Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасады деп күдіктіні тергеу изоляторына тоғыту туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

SME агенттігінің ақпаратына сәйкес, 71 жастағы жазушы, елдегі оппозициялық либералдық партияның жақтаушысы Юрай Цинтулу сот алдында өз кінәсін мойындады.

Шетелдік БАҚ күдікті өзінің іс-әрекетін Үкіметтің саясатымен келіспейтіндігімен түсіндірді деп жазады. Қарулы шабуылға ұшыраған Словакия Премьер-министрі ауруханада жатыр.

2024 жылдың 15 мамырында белгісіз адам Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қару кезеп, бірнеше рет атты. Еуропалық саясаткердің өміріне жасалған қастандықты көптеген ел басшылары, соның ішінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та айыптады.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі