Айта кетсек, қырғыз елі астанасында бір күн бұрын студенттік жатақханалар маңында жаппай тәртіпсіздіктер болды.
Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрі Жээнбек Құлубаев, Қырғыз СІМ мәліметтерін алға тарта отырып әріптесіне 18 мамырда Бішкекте шетелдік студенттердің, оның ішінде Пәкістан азаматтарының қатысуымен болған оқиғаны баяндады.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қоғамдық тәртіп толығымен орнатылып, елдегі жағдай құзырлы органдардың бақылауында.
Пәкістан Ислам Республикасы Премьер-министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұхаммед Исхак Дар Қырғыз еліндегі пәкістандық студенттердің қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша Қырғыз Министрлері кабинетінің қолға алған шараларын толықтай қолдап, өз ризашылығын білдірді, сондай-ақ осы мәселе бойынша белсенді өзара іс-қимылға дайын екендіктерін атап өтті.
Одан кейінгі мәліметтерді алмасу және қырғыз-пәкістан қатынастарын дамыту мәселелерін талқылау үшін қос тарап 2024 жылы 21 мамырда ШЫҰ СІМ кеңесінің аясында Астанада екіжақты кездесу өткізуге, сондай-ақ жақын арада Бішкекте Қырғызстан мен ПИР арасында консулдық-құқықтық мәселелер бойынша СІМаралық консультациялар ұйымдастыруға келісті.
Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі 18 мамырға қараған түні ел астанасында шетелдіктердің қатысуымен болған жаппай төбелеске қатысты түсініктеме берді.
Бұған дейін жаппай тәртіпсіздіктер туралы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф түсініктеме берген болатын. 18 мамырға қараған түні Бішкек полициясы 300-ге жуық жас жігіттің жаппай төбелестен кейін шетелдіктерден кек алу үшін көтерілуіне байланысты барлық жеке құрамды аяғынан тік тұрғызды. Милиция кордондар қойып, топ адамды тежеп ұстауға тырысты. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.
19 мамырда Пәкістан билігі Бішкектен шамамен 200 студентті арнайы рейспен алып шықты.