Меккеде қажылық парызын өтеуші алты адам көз жұмды

Сурет: freepik
Меккеде қажылық кезінде күннің ыстығынан алты адамның денсаулықтары сыр беріп, опат болды. Бұған дейін Сауд Арабиясы шенеуніктері қажылық алдындағы биылғы жиында сынап бағаны 48 градусқа дейін жетуі мүмкін екенін ескерткен болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаза тапқандардың алтауы да Иордания азаматтары. Сенбі күні Иордания Сыртқы істер министрлігі Джиддадағы Сауд Арабиясы билігімен жерлеу рәсімдері және олардың денелерін Иорданияға қайтару бойынша жұмыстардың үйлестірлетінін жеткізді, деп жазады CNN.

Қаралы хабар қажылар 15 маусымда, сенбіде Арафат тауының басына жиналып, қажылықтың басты оқиғасын атап өтіп жатқанда тарады. Қаза тапқандардың бірінің туысы CNN-ге араб тілінде тәтесінің Арафат тауында қайтыс болғанын және Сауд Арабиясында жерленгенін айтқан.

Сауд Арабиясының Бас статистикалық басқармасының мәліметі бойынша, биылғы жылы қажылыққа 1,8 миллионнан астам адам қатысуда.

Қажылыққа Қазақстаннан 5 мыңнан астам адам аттанды.

БАЭ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды