Меккеде қажылық кезінде жүздеген адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Меккеде жыл сайынғы қажылық кезінде жүздеген адам қаза тауып, мыңдаған адам күннің ыстығынан зардап шегіп жатады. Аймақта ауа температурасы шамамен 50 градусқа жетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN мәліметінше, қайтыс болғандардың арасында шамамен 165 индонезиялық бар. Сондай-ақ, 41 иорданиялық, 35 тунис және 11 ирандық қаза тапты. Тағы 22 иорданиялық жоғалып кетсе 26 ирандық ауруханаға түскен.

Сауд Арабиясы мен Египет әлі ресми деректерді жарияламағандықтан, өлім саны артуы мүмкін.

Сауд Арабиясы үкіметі күннің ыстығынан 2700-ден астам адамға көмек қажет болғанын мәлімдеді. Жүздеген адамдар әлеуметтік желілерде жақындарының жоғалғаны жайлы жарыса жазуда.

AFP өз кезегінде қажылық кезінде кем дегенде 550 адам қаза тапқаны туралы мәліметтер келтіреді. Олардың арасында 323 мысырлық пен 60 иорданиялық бар.

Статистикаға сүйенсек, 2023 жылы қажыға барған 200-ден астам адам қайтыс болған.

Айта кетейік, биыл елімізден 5081 адам мұсылмандық міндетін орындау үшін Сауд Арабиясына жол тартқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады