Ресейде рельстен шығып кеткен жолаушылар пойызы аударылды, зардап шеккендер бар

Сурет: РБК
Коми Республикасында Инта-1- Угольный темір жол өткелінде Воркута – Новороссийск жолаушылар пойызының тоғыз вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей темір жолдары баспасөз қызметінің мәліметінше, шұғыл қызметтер оқиға орнына бірден аттанып, жолаушыларға көмек көрсету бойынша шаралар қабылдады.

 "26 маусымда сағат 20:12-де (Астана уақыты бойынша) Инта – 1 – Угольный Северный темір жолы (Коми Республикасы) өткелінде № 511 Воркута – Новороссийск жолаушылар пойызының 9 вагоны рельстен шығып кетіп аударылды", делінген хабарламада.

Ресейлік БАҚ-тарда төтенше жағдай кезінде 10 адамның, ал әлеуметтік желіде 70 адамның зардап шеккені туралы жазылған.

Тергеу комитеті Коми Республикасында жолаушылар пойызы вагондарының рельстен шығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.


"Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің Батыс аймақаралық көлік тергеу басқармасының Сыктывкар көлік тергеу бөлімі пойыз вагондарының рельстен шығу фактісі бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 263-бабы, 1-бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады", - деді комитеттің баспасөз қызметі.
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі