Қытайда ірі көлемде пара алып, қарамағындағы қызметкерлермен махаббат хикаясын орнатқан шенеунік тұтқындалды

Сурет: phxere
Гуйчжоу провинциясы партиясының губернаторы және хатшысының орынбасары қызметін атқарған қытайлық 52 жастағы Чжон Ян темір торға тоғытылды. Ол 13 жылға сотталып, үлкен көлемде айыппұл арқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, ол шенеунік бола тұрып, қарамағындағы 58 қызметкермен махаббат хикаясын орнатып, олардан 4 миллиард теңгеден астам пара алған.

South China Morning Post басылымында жарияланған ақпаратқа сәйкес, ол өзінің сұлу келбеті арқылы "әдемі губернатор" деген лақап атқа ие болды. Сондай-ақ, әлі күнге тұрмыс құрмаған және балалары жоқ.

Айта кету керек, ол түрме жазасы мен айыппұлдан бөлек, коммунистік партиядан шығарылып, барлық мемлекеттік лауазымдардан шеттетілді.

Бұған дейін Италияда су тасқыны салдарынан мыңдаған адамның эвакуацияланғанын айттық. 

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды