Стамбулда шыршалардың жаппай кесілуіне байланысты ормандарда кезекшілік ұйымдастырылды

Сурет: aa
Стамбул орман шаруашылығы басқармасының қызметкерлері шыршалардың заңсыз кесілуіне жол бермеу үшін тәулік бойы кезекшілікті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Yeşilhat экологиялық жаңалықтар агенттігінің дерегінше, Сарыер ауданында ағаштарды кескен күдіктілер ұсталды. Олар жедел түрде жауапқа тартылды.

Сурет: Х/AA_Yesilhat

Елдің Орман кодексіне сәйкес, мемлекеттік ормандарда көшеттер мен ағаштарды кесуге тыйым салынады. Мұндай әрекеттер үшін үш айдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы және ақшалай айыппұлдар қарастырылған.

"Сондай-ақ, құқық бұзушылар бүлінген орман алқаптарын қалпына келтіру құнын өтеуге міндетті", — делінген ақпаратта.

Бұған дейін Қара теңіз жағалауында мазуттың қайта төгілуі анықталғаны хабарланған болатын.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды