Azal экипаж мүшелеріне "ұлт қаһарманы" атағы берілді

Сурет: pixabay
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қаза болған 3 экипаж мүшесіне "Ұлт қаһарманы" атағы берілді.

Олар – Әзербайжан Эйрлайнс бортының командирі Игорь Кшнякин, ұшқыш Александр Кальянинов және бортсерігі Хокума Әлиева.

Бұдан бөлек апаттан кейін тірі қалған екі экипаж мүшесі бірінші дәрежелі "Рашадат" орденімен марапатталды, деп жазады qazaqstan.tv.

Ол төтенше жағдайда адамдарды құтқаруға үлес қосқаны үшін беріледі.

Марқұмдарды соңғы сапарына аттандыру рәсімі Бакудегі Гейдар Әлиев халықаралық әуежайында өтті.

Оған ел президенті Ильхам Әлиев пен бірінші ханым Мехрибан Әлиева, марқұмдардың туыстары мен жақындары, ресми тұлғалар мен қоғамдық өкілдер қатысты.

Ұлт қаһармандарымен қоштасу рәсіміне халық та көп жиналды.

Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін