Ердоған Сирияның бұрынғы басшысының елге келтірген шығынын есептеді

Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 7 қаңтарда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкара губернаторларымен кездесуде Башар Асадтың 13 жылдық билігі Сирияға айтарлықтай залал келтіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Sabah газеті, елге келген түрік сарапшылар тобы мемлекеттегі жағдай "күткеннен де нашар" деп бағалағанын жазды.

"13 жылдық қанды саясаттың шығыны 500 миллиард доллардан асады", – деді Ердоған.

Саясаткер Сирияны қалпына келтіру үшін уақыт қажет болатынын атап өтті. Сонымен қатар халықаралық қауымдастықтың бұл процеске үлес қосу қажеттілігін қоса айтты.

Бұған дейін Солтүстік Корея гипердыбыстық зымыранның екінші сынағын өткізгендігі хабарланған болатын.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды