Автобекетте 17 жасар жасөспірімді пышақтап кетті — кінәлілер табылмай жатыр

Сурет: pixabay
Жаға ұстатар жағдай Англияда болды. 17 жастағы Томас Тейлор Бедфорд автобекетінің жанында серуендеп жүргенде, оған бір топ ер адам суық қарумен шабуыл жасаған. Алған жарақатынан жас жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky News ақпаратынша, 8 қаңтарда Томас Тейлор Бедфорд автобекетінің жанындағы Гринхилл көшесімен жүрген. Осы сәтте оған бір топ ер адамдар шабуыл жасаған. Жас жігіт ауыр жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, артынша сол жерде көз жұмған. Ол қаскөйлерді қара нәсілді және қара киім киінген деп сипаттады.

Полицияның бас инспекторы Кэти Дуниас:

"Қаланың қақ ортасында жасөспірімді пышақтап кету шыны керек таңқаларлық жайт. Детективтер тобы оқиғаның мән-жайын анықтауда және біз Томастың отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Мен бұл оқиғаны көрген-білгендердің барлығын полицияға ақпарат беруге шақырамын. Кінәлілерді тауып, жауапқа тартумыз керек",- деді инспектор.

Бұған дейін Үндістандағы ғибадатханада алты адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды