TV 47 ақпаратынша, Цзиньси округі аймақта тас жол салғысы келген, осылайша уездік партия комитеті автомобиль жолы өтетін жерде мүлкі бар жергілікті тұрғындарға жүгінген.
Барлық жергілікті тұрғындар жол жобасы үшін өз жерлерін беруге келіскен. Тек, Хуан есімді тұрғын 220 мың доллар мен үш жылжымайтын мүліктік ұсыныстан бас тартып, жерін бермеген.
Партия хатшысының айтуынша, нәтижесіз келіссөздерден кейін билік жолды Хуан үйінің екі жағынан жоспарлауға мәжбүр болған. Қазір айналадағы барлық инфрақұрылым бұзылды: дүкендер де, дәріханалар да жоқ. Енді зейнеткер үйге жету үшін немересімен бірге құбырдан өтуі керек. Ал, көліктердің дауысы қарияның мазасын қашырған. Сондықтан ол күндіз үйінен кетіп, көше кезіп жүруге мәжбүр.
Зейнеткер қазір ісі үшін өкінетінін мойындайды. Бірақ бәрі де кеш: жол салынып қойған, оған енді ешкім қаражат ұсынбайды.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяның тұтқындалған президентіне "бүлік шығарды" деген айып тағылғандығы хабарланған болатын.