Ташкент – Нью-Йорк бағытындағы ұшақта сәби дүниеге келді

Сурет: Instagram/uzairways
28 қаңтарда Uzbekistan Airways авиакомпаниясының HY101 рейсінде ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Авиакомпанияның баспасөз қызметінің Instagram парақшасында хабарлағандай, қуанышты оқиға авиакомпанияның 33 жылдық мерейтойы күні болды. Толғағы жеткен әйелді жолаушылар арасындағы акушер–дәрігер мен хирург босандырып алған.

Осыған байланысты экипаж Исландияның Кефлавик қаласындағы қосалқы аэродромға қонуға шешім қабылдады. Сәтті қонғаннан кейін жергілікті дәрігерлер қажетті көмек көрсету үшін бортқа көтерілді.

"Ана мен жаңа туған нәресте жергілікті клиникаға жеткізілді", – делінген авиакомпанияның ақпаратында.

Пікір қалдырушылар құттықтау хаттарынан басқа, баланың болашақ азаматтығы қандай болатындығын сұрады.

"Өзбекстан, Исландия немесе АҚШ азаматы?"- деп сұрады комментаторлар.

Бұған дейін Түркияда 78 адамның өмірін жалмаған қонақ үйдегі өрттің шығу себебі белгілі болғандығы хабарланған болатын.

АҚШ
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Қызметкер жұмысқа кешіксе жұмыс беруші айыппұл сала ала ма