Жалған Wildberries сайты: Ресей Федерациясының ІІМ алаяқтардың жаңа схемасы туралы айтты

Фото: pexels
Алаяқтар пайдаланушылардың жеке деректеріне қол жеткізу үшін жалған wildberries (WB) маркетплейс сайтын құрды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 3 ақпанда Ресей ІІМ киберқылмыспен күрес басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның ақпаратынша, шабуылдаушылар жалған доменде Wildberries және "T2 Mobile" атынан жалған акция орналастыру арқылы фишинг схемасын қолданған.

"Алаяқтар бұрыннан бар акцияны аздап өзгертіп, қолданушыларды фишингтік сайтқа тартуда",- делінген ақпаратта.

Шабуыл шот деректерін жинауға бағытталған: зардап шеккендерге маркетплейстің жеке кабинетіне тіркелу ұсынылады, осылайша қаскөйлер есептік жазбаларға қол жеткізеді.

Бұған дейін Австралиядағы нөсердің арты тасқынға айналып, елді қолтырауындар басқандығы хабарланған болатын.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды