АҚШ-та жұмысшыларға үй жануарларын күту үшін ақылы демалыс берілмек

Фото: pixabay
Нью-Йоркте жұмысшыларға ит-мысығы ауырып қалса да ақылы демалыс бермек. Яғни үй жануарын күтіп қарау үшін уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ала алады. Арнайы заң жобасы қазір жергілікті парламенте талқыланып жатыр.

Үй жануарларын күту үшін ақылы демалыс беру туралы жаңа заң жобасын қалалық кеңес мүшесі Шон Абреу ұсынған. Бұл бастама ит-мысық асырайтындар үшін аса маңызды дейді депутат.

"Бұл заң жобасы үй жануарларын күтуге мүмкіндік беру арқылы олардың иелерінің де денсаулығына оң әсер етеді. Үй жануарларымен уақыт өткізу – стресс пен мазасыздықты азайтады, ал итпен серуендеу физикалық белсенділікті арттырады." Шон Абреу, Нью-Йорк қалалық кеңес мүшесі

Жоба бойынша, жұмысшылар өздеріне тиесілі еңбекке жарамсыздық демалысын үй жануарларын күтуге пайдалана алады. Нью-Йорк штаты бекіткен тәртіп бойынша 100-ге жуық қызметкері бар кәсіпорындар бір жылда 40 сағат, ал, 100 аса жұмысшысы бар мекемелер 56 сағат ақылы демалыс беруге міндетті болмақ. Сондықтан Нью-Йорк тұрғындарының көбі жаңа өзгерісті қуана қолдап отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Америкалықтардың көбі ит пен мысықты ерекше жақсы көреді. Ресми мәлімет бойынша, АҚШ-тағы отбасылардың шамамен 68%-да үй жануары бар. Cондықтан олардың күтімі үшін жұмысшыларға жалақысы сақталатын демалыс берудің экономикалық салдары болуы мүмкін деп бастаманы қолдамай жатқандар да бар.

Осыған ұқсас заң бұған дейін Калифорнияның Эмервилл қаласында қабылданған. Ол жерде жұмысшыларға өздерінің қызметтік жануарларына күтім жасау үшін ақылы демалыс алуға рүқсат берілді. Енді Нью-Йорк бекітсе, ит пен мысығы үшін жұмыстан заңды сұрануға құқық беретін АҚШ-тағы алғашқы мегаполис болмақ.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты