АҚШ USAID бойынша қолға алынған бағдарламалардың 83%-ын жапты

Сурет: pexels
Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 2025 жылдың 10 наурызында алты апталық талдаудан кейін келесідей шешім қабылданғанын жеткізді: Халықаралық даму агенттігі (USAID) бағдарламаларының 83%-ы ресми түрде жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Рубио Х әлеуметтік желісінде жазды.

Бұл шешім, биліктің пікірінше, пайда әкелмейтін, керісінше ұлттық мүддеге зиян тигізе отырып ондаған миллиард доллардың жұмсалуына түрткі 5,2 мың келісімшартқа әсер етеді, - дейді ол.

"Қалған бағдарламалар мемлекеттік департаменттің қадағалауымен тиімдірек басқарылатын болады". Марко Рубио

Рубио өз мәлімдемесінің соңында осы реформа бойынша атқарған жұмыстары үшін ұжымына алғыс білдірді.

USAID - азаматтық шетелдік көмек пен дамуды басқаруға жауапты АҚШ үкіметінің тәуелсіз агенттігі. Бюджеті 50 миллиард доллардан асатын әлемдегі ең ірі ресми көмек агенттіктерінің бірі болып табылады және АҚШ-тың барлық шетелдік көмегінің жартысынан көбін қамтамасыз етеді. USAID-ті 1961 жылы президент Джон Кеннеди құрды.

2025 жылдың 5 ақпанында USAID қызметкерлеріне жаһандық әкімшілік демалыс жарияланғаны хабарланды. Содан кейін тек маңызды функцияларды орындайтын жұмысшылар, сондай-ақ арнайы анықталған бағдарламаларға қатысатын негізгі басшылар мен мамандар жұмыста қала беретіні белгілі болды. 8 ақпанда сот Дональд Трамптың USAID қызметкерлерін шақырту жоспарын уақытша бұғаттады.  USAID проблемалары Қазақстандағы бизнеске қалай әсер ететінін мына арадан білуге болады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды