Оңтүстік Кореяда орман өртіне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды

Сурет: Х/yoyonofukuoka
Оңтүстік Кореяның үш аймағында тұтанған орман өрті дес бермей тұр. Бүгінде тілсіз жау төрт адамның өмірін жалмаған. Осыған байланысты елде төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Yonhap агенттігінің дерегінше, апат режимі 22 наурыз күні сағат 18:00-ден бастап Ульсан метрополия қаласында, Кенсан-Пукто және Кенсан-Намдо провинцияларында жарияланды.

"Өрт салдарынан өрт сөндіру қызметінің төрт қызметкері қаза тапты. Алты адам, оның ішінде бір жергілікті тұрғын зардап шекті. Көрші ауылдардан 500 адам эвакуацияланды. 260-ы үйлерінен айырылып, уақытша орналастыру орындарына орналасты", – деп жазды агенттік.

Өрт 21 наурыз, жұма күні Санчхон округінде басталды. Сенбі күні таңертең жалынның шамамен 70%-ы ауыздықталған болатын, алайда жел тұрып, бұл көрсеткіш 35%-ға дейін төмендеді.

Апаттан зардап шеккен аудандарда теміржол байланысы уақытша тоқтатылды, жоғары жылдамдықты магистральдар жұмыс істемейді.

Бұған дейін Флоридадағы Диснейлендте өрт шыққандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек