Трамп электронды тауарларды баж салығынан босатты

Сурет: aplle.com
Смартфондар, ноутбуктер, планшеттер және электрондық техниканың басқа түрлері АҚШ-тың "өзара баж салығы" тауарлар тізімінен "сызылып тасталды", деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы америкалық шекара және кеден қызметінің жаңартылған нұсқаулығында айтылады, онда баждан босату 5 сәуірден бастап жеткізілетін тауарларға қатысты екендігі көрсетілген.

Импорттаушыларға төленген баждарды қайтаруға рұқсат етіледі, бұл үшін реттелмеген жеткізілімдер туралы есептілікке немесе реттелген есепке өзгерістер енгізу туралы өтініш беру қажет.

Баждан босатылған тауарлар тізіміне ноутбуктер, смартфондар, модемдер, қатты дискілер, флэш-карталар, мониторлар, транзисторлар және жартылай өткізгіш құрылғылар сияқты 20 атаулы тауар кіреді.

CNBC атап өткендей, Қытай импортына қатысты 145% дейін жеткен бұрын енгізілген баждар технологиялық алпауыттарға, атап айтқанда Apple-ге қатты әсер етуі мүмкін. Компания Қытайда iPad-тың шамамен 80%-ын, Mac компьютерлерінің жартысынан көбін және iPhone-ның 90%-ын өндіреді. Wedbush Securities сарапшысы Дэн Айвзтың айтуынша, өндірісті АҚШ-қа көшіру iPhone бағасының үш есе, яғни 3,5 мың долларға дейін өсуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

АҚШ
Қытай
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды