Кенияда арыстан жасөспірімге шабуыл жасап, қыздың денесін тістеген күйінде алып кеткен

Сурет: pexels
2025 жылғы 19 сәуірде Кения астанасы Найробиде 14 жастағы жасөспірім қыз арыстанның шабуылынан қаза тапты. Қайғылы оқиға Найроби Ұлттық паркінің оңтүстігінде орналасқан фермада болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Times of India басылымының мәліметінше, билікке оқиғаға куә болған тағы бір жасөспірім хабарлаған.

"KWS-тің (Кения жабайы табиғатты қорғау қызметі) рейнджерлері мен жедел әрекет ету топтары шұғыл түрде жұмылдырылып, Мбагати өзеніне апаратын қан іздерімен жүру арқылы бел тұсынан жарақат алған қыздың денесін тапты", – делінген Табиғатты қорғау агенттігінің мәлімдемесінде.

Оқиға орнында арыстан болмаған. Билік оны ұстау үшін тұзақ орнатып, жануарды іздестіру топтарын жіберді және қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Табиғатты қорғау агенттігі адам мен жабайы табиғат арасындағы қақтығыстардың алдын алу үшін, соның ішінде ерте ескерту жүйелерін және жергілікті зардап шеккен халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуды қамтамасыз ету үшін қаржыландыруды арттыру қажет екенін атап өтті.

Бұған дейін Өзбекстанда шетелдіктер үшін "алтын виза" енгізілгендігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды