Украинаның бұрынғы президентіне жаңа үкім кесілді

Сурет: wikimedia/Igor Kruglenko
Украинада сот елдің бұрынғы президенті Виктор Януковичті "дезертирлікке арандату және шекарадан заңсыз өткізуді ұйымдастыру" бабы бойынша сырттай 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл үкім туралы ақпарат 2025 жылдың 28 сәуірінде Украина Бас прокурорының сайтында жарияланды.

Сондай-ақ, үкім Украина Президентінің қауіпсіздік қызметінің бастығы болған Мемлекеттік күзет басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Константин Кобзарьға да шығарылды. Ол 10 жыл бас бостандығынан айырылды.

Сотпен дәлелденді:

"2014 жылдың 23 ақпанында Украинаның экс-президенті бұрынғы Президент қауіпсіздік қызметінің басшысымен және Ресей өкілдерімен сөз байласа отырып, әуе жолымен Украинаның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтті және өзінің жақын айналасындағы адамдар мен Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерінен кемінде 20 адамды шекарадан заңсыз өткізуді ұйымдастырды".

Бұл — Януковичке Украинада шығарылған екінші үкім. Бұған дейін, 2019 жылдың қаңтарында, ол мемлекетке опасыздық ісі бойынша сырттай 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.

Янукович 2010 жылдан 2014 жылға дейін Украина президенті қызметін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Алматы мен Шымкентте аптап ыстық болады, Астанада нөсер жауады: тамыздың алғашқы күндеріне болжам

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

"Мәкең бар!". Полиция танымал әнші мінген көліктің желідегі видеосын назарға алды