Трамп 8 мамырды АҚШ-тағы Жеңіс күні деп жариялады

Сурет: flickr/White House
2025 жылдың 2 мамырында АҚШ президенті Дональд Трамп елде Жеңіс күндерін жариялайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Трамп бұл жайлы Truth Social платформасында жазды.

"Көптеген одақтастарымыз бен достарымыз 8 мамырды Жеңіс күні ретінде атап өтеді, бірақ біз Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жету үшін басқа елдерге қарағанда әлдеқайда көп нәрсе жасадық. Осыған байланысты мен 8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні, ал 11 қарашаны Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп қайта атаймын. Біз екі соғыста да жеңдік, күш, батылдық және әскери шеберлік жағынан бізге тең келетін ешкім болған жоқ, бірақ біз ешқашан ештеңені тойламдық – өйткені бізде мұны атап өту керектігін білетін басшылар болмады. Біз қайтадан жеңістерімізді мерекелеуді бастаймыз!" – деп жазды Трамп.

8 мамыр Еуропада Жеңіс күні ретінде аталып өтеді – бұл күнде АҚШ, Ұлыбритания және Батыс Еуропаның көпшілігі Германияның берілу күнін және, тиісінше, Еуропада Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күнін атап өтеді. Алайда бұл күн ресми мереке болып табылмайды.

11 қарашаға келетін болсақ, АҚШ-та бұл ардагерлер күні – 1918 жылы Антанта мен Германия арасындағы Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанын білдіретін Компьен бейбіт келісімінің жасалған күні.

Бұған дейін қостанайлық соғыс ардагері Илья Марьяшиннің бастан кешкендері жайлы жазған болатынбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі