Лондонда таза ауа салығы қымбаттайды

Сурет: pixabay
Орталық Лондонға ескі көлікпен кіру үшін төленетін таза ауа салығы келер жылдан бастап 20 пайызға көтерілуі мүмкін.

Лондон көлік басқармасының пікірінше, бұл қадам тұрғындарды қоғамдық көлікке отыруға немесе электромобиль сатып алуға ынталандырады.

Ал егер төлем өзгеріссіз қалса, алдағы жылы орталыққа кіретін ескі көліктердің саны 2 200-ге артатын көрінеді.

Қазір тозығы жеткен темір тұлпарлар негізгі көшелермен жүру үшін күніне 19 мың теңгедей төлеуі тиіс, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан олардың көпшілігі орталықты сырт айналып өтуге тырысады.

Тарифтерді көтеру бойынша түпкілікті шешім әзірге қабылданбады.

Қоғамдық талқылау жүріп жатыр.

Бастама қолдау тапса, қарсылар жаңа тарифтер көлігін күнкөріс көзіне айналдырған табысы төмен жүргізушілердің қалтасын қағады, деп отыр.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін

Семейде ер адам аспалы көпірден құлап кетті

Көкшетауда найзағай түсіп, жеке үй отқа оранды

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады