Алайда Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом бұл шешімге қарсы шығып, Пентагон басшысы Пит Хегсеттенға Ұлттық гвардияны орналастыруды тоқтатуды талап етті. Ол мұны штаттың егемен құқығын бұзу деп атады.
"Мен ресми түрде Дональд Трамп әкімшілігінен Лос-Анджелес округіне заңсыз түрде жіберілген сарбаздарды кері қайтарып, оларды менің қарауыма беруді талап еттім", – деп жазды Ньюсом әлеуметтік желіде.
Осы ретте Дональд Трамп елдегі наразылықтар аясында алдағы уақытта шерулер кезінде маска тағуға тыйым салынатынын мәлімдеді.
"Бұдан былай наразылық акцияларында маска тағуға рұқсат берілмейді. Бұл адамдар не жасырып жүр және не себепті?" – деп жазды ол Truth Social парақшасында.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, иммиграциялық қызмет (ICE) заңсыз мигранттарды ұстау және депортациялау жұмыстарын белсенді жүргізуде. Мысалы, бір күнде 44 адам ұсталып, тағы бірі агенттерге қарсылық көрсеткені үшін қамалған. Бұл жағдайға наразы болған америкалықтар жаппай митингке шықты. Алайда жайт тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Жиналғандарды тарату үшін көз жасаурататын газ бен шу гранаталары қолданылғанымен, жағдай ушыға түсті.
Times газетінің дерегінше, наразылық кезінде британ фотографы Ник Стерннің аяғынан оқ тиіп жараланған.
Өз кезегінде Трамп иммиграциялық заңдардың орындалуына кедергі келтіретін наразылықтарды АҚШ үкіметіне қарсы "бүлік" деп атады.