Грузияда шетелдіктердің елде болу ережелері қатаңдатылмақ

Сурет: pexels
Грузия парламенті шетел азаматтарының елде болу ережелерін қатаңдататын жаңа заңдар топтамасын дайындап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости дерегінше, бұл туралы "Грузин арманы" партиясының атқарушы хатшысы Мамука Мдинарадзе брифинг барысында мәлімдеген.

Оның айтуынша, Грузияның Қылмыстық кодексіне жаңа жаза түрі енгізіледі – шетел азаматын елден шығарып жіберу және белгілі бір мерзімге елге қайта кіруге тыйым салу.

Сонымен қатар, Мдинарадзенің айтуынша:

Бұған дейін, сәуір айының ортасында, Грузияның Ішкі істер министрлігі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға халықаралық қорғау беру, заңсыз көші-қонмен күресу және босқын мәртебесін алу рәсімдерін теріс пайдаланудың алдын алу мақсатында ережелерді қатаңдататын заң жобаларының пакетін әзірлеген болатын.

Бұған дейін Түркияның Маниса қаласының мэрінің тоққа соғылып, қайтыс болғанын жазғанбыз

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер