Лос-Анджелесте бүлік басталды

Сурет: Ellems/X
Лос-Анджелесте Дональд Трамптың миграциялық саясатына қарсы шыққан шерушілер мекемелерді қирата бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости мәліметінше, 10 маусым күні сағат 21:00-ден кейін полицияның жарық-шум гранаталары мен резеңке оқтар арқылы тарату әрекетіне қарамастан, наразылар қайта күшейді. Бұл жолы дүкендерді қирату мен вандализм әрекеттері басталды. Маска киген жастар тобы суши-дүкеннің есігін бұзып кірген.

Сонымен қатар, белсенділер қабырғаларды, тротуарларды, жолдарды, ескерткіштерді – көзге түскен барлық нәрсені бояп жатыр. Полиция әзірге бұл наразылық әрекеттеріне араласпай отыр.

Калифорниядағы наразылықтар

Лос-Анджелесте 7 маусым күні заңсыз мигранттарға қарсы рейдтерге байланысты тәртіпсіздіктер басталған болатын. Полиция наразыларға қарсы көз жасаурататын газ және жарық-шум гранаталарын қолданды. Сондай-ақ, қалаға Ұлттық гвардияның әскері жіберілді. Қазірдің өзінде 300 әскери қызметкер Лос-Анджелесте, тағы 500 теңіз жаяу әскері жіберуге дайындалып жатыр.

Бұл – соңғы ондаған жылдағы алғашқы жағдай, мұнда президент штаттың сұранысынсыз немесе келісімінсіз Ұлттық гвардияны тартқан. Бұған жауап ретінде:

Губернатор, егер федералды қаржыландыру қысқартылса, штат федералды салық төлеуден бас тартуы мүмкін екенін айтты.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі