Ақ үй мигранттарды Гуантанамо әскери базасына көшіру туралы ақпаратты фейк деп атады

Сурет: Х/Karoline Leavitt
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт "АҚШ президенті әкімшілігі мыңдаған заңсыз иммигранттарды Гуантанамо әскери базасына жеткізбек" деген ақпаратты фейк екенін нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, бүгін Washington Post Дональд Трамп әкімшілігі заң бұзып, ұсталған мыңдаған мигранттарды лаңкестерге арналған түрме ретінде көпке танылған Гуантанамо әскери базасына жіберуге дайындалып жатқанын хабарлады. Басылым дереккөзі мигранттарды жер аудару осы аптада басталатынын да айтқан. Оның айтуынша, мұндай шешімге ішкі түрмелердің мигранттарға толып кетуі түрткі болған көрінеді.

Бұл ақпаратты назарға алған Ақ үй өз жауабын жариялады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт X желісіндегі парақшасында бұл ақпараттың фейк екенін айтты.

"Бұл материал - жалған хабар. Мұндай болмайды", - деп жазды Левитт.

Бұған дейін Лос-Анжелесте Дональд Трамптың миграциялық саясатына қарсы шыққан шерушілер бүлік шығарғанын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі