Трамптың тұсында АҚШ-тың рейтингі одақтас елдерде күрт төмендеді

Фото: flickr/Gage Skidmore
Pew Research Center зерттеу орталығы жүргізген жаңа сауалнама АҚШ-қа деген жағымды пікірдің әлем бойынша, соның ішінде НАТО-ға мүше одақтас елдерде күрт төмендегенін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

NBC News мәліметінше, Pew Research Center орталығы 11 маусымда жариялаған сауалнама нәтижелері бойынша президент Дональд Трамптың екінші мерзімінің алғашқы айларында-ақ АҚШ-тың рейтингі оннан аса елде күрт төмендеген.

Ең айқын құлдырау АҚШ-пен даулы мәселелерге тап болған көршілес Мексика мен Канадада, сондай-ақ Швеция, Польша және Нидерланды сияқты кейбір НАТО елдерінде байқалады.

Мысалы, 2024 жылы Мексикада сауалнамаға қатысқандардың 61%-ы АҚШ туралы жағымды пікірде болса, биыл бұл көрсеткіш небары 29%-ды құрады.

Дегенмен, соңғы бір жылда АҚШ туралы қоғамдық пікір кейбір елдерде, әсіресе Израильде, жақсарған.

Сауалнама жүргізілген 20 елдің көбінде респонденттер Трампты "күшті лидер" деп атағанымен, 21 елде оны "қауіпті" деп сипаттаған.

Үш елде – Нигерия, Үндістан және Кенияда – көпшілік Трампты "адал" деп бағаласа, бес елде – Грекия, Жапония, Индонезия, Венгрия және Кенияда – оны "дипломатшыо" деп атаған.

Бұған дейін Ақ үй мигранттарды Гуантанамо әскери базасына көшіру туралы ақпаратты фейк деп атағанын жазған болатынбыз

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты