Джонни Депп Испаниядағы онкологиялық аурумен ауыратын балаларды өз көзімен көріп қайтты

Сурет: Instagram/johnnydepp
"Кариб теңізінің қарақшылары" фильмінің жұлдызы Джонни Депп Мадридтегі онкологиялық орталықта қатерлі ісікке шалдыққан балаларға барып қайтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

El Debate дерегінше, 18 маусым күні актер Джек Воробей кейпінде балалармен тілдесіп, оларға түрлі трюктер көрсетіп, кітап оқып, суретке түсіп, көңілдерін көтерген. Аурухана әкімшілігі оның бұл сапары балаларға дерттерін бір сәтке ұмытып, қуаныш сезімін сыйлағанын атап өтті – бұл тек балаларға ғана емес, ата-аналар мен медицина қызметкерлеріне де үлкен моральдық қолдау болды.

Бұл – Депптің мұндай шараға алғаш рет қатысуы емес. Ол бұған дейін де Сан-Себастьян, Ванкувер және Париж қалаларындағы онкологиялық аурумен ауыратын балаларды барып көрген. Сонымен қатар, актер қайырымдылықпен белсенді айналысып, ауруханаларға қажетті құрал-жабдықтар сатып алып береді және қаржылай көмек көрсетіп келеді.

Бұған дейін Лувр қызметкерлерінің жиналыс кезінде ереуілге шыққандығы хабарланған болатын.

АҚШ
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді