Әлемдегі ең құрғақ шөлге қар жауды

Сурет: pexels
Әлемдегі ең құрғақ шөл саналатын Чилидегі Атакама шөліне қар жауды. Бұл ауа райының ерекше құбылысы туралы Атакама шөлінде орналасқан ALMA обсерваториясының қызметкерлері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сену қиын! Әлемдегі ең құрғақ шөл – Атакама қармен көмкерілді!" – делінген жарияланған жазбада.

Сондай-ақ, бұл ерекше құбылыстың суреттері мен видеоларын куәгерлер әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр.

Атакама шөлі Жер бетіндегі ең құрғақ шөл болып есептеледі. Ол Оңтүстік Америкада, Чилидің солтүстігінде орналасқан. Батысында Тынық мұхитымен, солтүстігінде Перумен, шығысында Боливия және Аргентинамен шектеседі. Шөлдің кейбір бөліктерінде жаңбыр ондаған жылда бір рет қана жауады.

Бұған дейін Капитан Куктың жоғалған кемесі 250 жылдан кейін табылғандығын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты