АҚШ Сенаты Трамптың шығындар туралы заң жобасын мақұлдады

Фото: flickr/Gage Skidmore
АҚШ Сенаты президент Дональд Трамптың федералды шығындарды қысқартуға бағытталған "Біртұтас, үлкен, әдемі" ("The Big Beautiful Bill") деп аталатын заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

NBC мәліметінше, заң жобасын 51 сенатор қолдап, 49-ы қарсы дауыс берген. Қарсы шыққандардың қатарында екі республикашыл сенатор – Солтүстік Каролиналық Том Тиллис пен Кентуккилік Рэнд Пол болды.

"Біртұтас, үлкен, әдемі" – АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылы ұсынған ауқымды бюджет-салықтық заң жобасы. Ол Трамптың басты сайлауалды уәделерін жүзеге асыруға бағытталған және ел ішінде де, шетелде де үлкен резонанс тудырып отыр.

"Бұл заң жоба Трамп 2017 жылы енгізген салықтық жеңілдіктерді ұзартуды, Medicaid пен SNAP секілді әлеуметтік бағдарламалардың қаржыландыруын қысқартуды көздейді. Сонымен қатар, иммиграциялық бақылау бағдарламаларын жүзеге асыру үшін бюджетті ұлғайту қарастырылған. Жоба биылғы жылы әскери шығындарды 150 миллиард долларға арттыруды және мемлекеттік қарыз шегін 4 триллион долларға дейін көтеруді қамтиды",- делінген басылым ақпаратында.

Бұған дейін АҚШ-тың Қытаймен сауда келісіміне қол қойғандығын жазған болатынбыз.

АҚШ
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды