Стамбулда жаппай наразылық акциялары басталды

Сурет: Х/ajans_muhbir
7 қыркүйек түні Стамбулда үкіметке қарсы толқулар басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жүздеген демонстранттар елдің басты оппозициялық күші – Республикалық халық партиясының штабының маңына жиналып, полициямен қақтығыстарға барған. Акция Түркия лидері Режеп Тайип Ердоғанның саяси шешімдеріне қарсы бағытталған. Алдын ала мәлімет бойынша, сөз Стамбулдағы РХП басшылығын сот қызметінен шеттетіп, билеуші партиядан сенімді адамды тағайындағаны жөнінде болып отыр.

Жағдайдың ушығуына байланысты оппозициялық Республикалық халық партиясының жетекшісі Өзгүр Өзел жақтастарын партия штабына жиналып, "біртұтас майданда әрекет етуге" шақырды.

Қауіпсіздік күштері Түркияның басты оппозициялық партиясы – Халық-республикалық партиясының штаб-пәтерін қоршауға алды, ал демонстранттар қоршауды бұзуға тырысуда. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен ұсталғандар туралы ақпарат жоқ.

Сонымен қатар Стамбул губернаторының әкімшілігі қаладағы бес ауданда – Бейоғлу, Эюпсултан, Кағытхане, Сарыйер және Шишлиде митингілер, ашық аспан астындағы баспасөз конференциялары, жиналыстар мен демонстрациялар өткізуге уақытша тыйым салынғанын хабарлады.

Бұл шешім 7 қыркүйектен бастап күшіне енді және 10 қыркүйекке дейін қолданыста болады.

Соңғы күндері Түркия жағалауында құны миллион долларға жуық жаңа Dolce Vento яхтасы суға батып кетті. Айта кетерлігі, ол суға түсірілгеннен кейін небәрі 15 минут өткен соң болған оқиға.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз