Ресей мен Украина бір айдан кейін әскери қызметшілердің денелерін алмастырды

Сурет: pixabay
Ресей мен Украина қақтығыс аймағында қаза болған әскери қызметшілердің денелерін кезекті рет алмастырды деп хабарлайды Zakon.kz.

Al Jazeera деректеріне сүйенсек, Украинаның қолына 1000 әскери қызметшінің мәйіті берілсе, Ресейге – 24 дене жеткізілді.

"Бүгін репатриация шаралары өтті. Ресей тарапынан берілген деректер бойынша, Украинаға 1000 дене қайтарылды, олар украиналық әскери қызметшілерге тиесілі", – деп хабарлады бейсенбі күні әскери тұтқындармен жұмыс істейтін үйлестіру штабы Telegram-да.

Украиналық үйлестіру штабы денелерді алғанын растады. Онда жақын арада олардың сәйкестендірілуі басталатыны айтылды.

Соңғы алмастыру туралы ақпарат 19 тамызда хабарланған еді. Стамбулдағы келіссөздердегі ресейлік делегация жетекшісі Владимир Мединский сол кезде Ресей Украинаға 1000 украин әскери қызметшілерінің денесін 19 ресейлік сарбаздың денесімен алмастырғанын айтқан.

Алмастыру туралы келісімдер жаз басында Стамбулдағы келіссөздер барысында жасалған болатын. Маусым ортасына дейін Украинаға 6000-нан астам қаза тапқан украин әскери қызметшілердің денелері берілген.

Бұған дейін хабарланғандай, Зеленский Трамп пен Путинмен кездесуге дайын екенін айтқан.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды