"Реал" ойыншысы телефондағы видео үшін сотқа тартылмақ

Сурет: Instagram/asencio
Испаниялық "Реал" клубының қорғаушысы Рауль Асенсио және мадридтік клубтың жастар командасының тағы үш бұрынғы ойыншысы сот алдына шығарылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian дерегінше, бұл іс 2023 жылы екі қыздың, соның ішінде біреуі кәмелет жасына толмаған, интимдік сипаттағы бейнематериалдарын таратуға байланысты қозғалған.

Бұл істі Канар аралдарындағы Сан-Бартоломе-де-Тирахана қаласының соты қарауды бастады.

Айыптаушылар Асенсиоға, яғни жеке өмірге қол сұғушылық қылмысы бойынша айып тағылған футболшыға екі жарым жыл және бір күн бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот 22 жастағы спортшыдан 15 мың еуро кепіл енгізуді талап етті.

Асенсио ол қыздармен интимдік қарым-қатынаста болмаған және олардың келісімінсіз түсірілген видеоны жазуға қатыспаған, алайда видеоны досына көрсету үшін сұраған.

Ал басқа үш фигурант – Ферран Руис, Хуан Родригес пен Андрес Гарсияға прокуратура бұған дейін төрт жыл жеті ай жаза сұраған, өйткені оларға балалар порнографиясын таратты деген айып тағылған.

Бұған дейін "Спортинг" бас бапкері "Қайраттың" ойынын бағалаған еді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі