Лукашенко Қазақстанмен әуе қатынасы мәселесіндегі ынтымаққа көңілі толмайтынын айтты

Фото: primeminister.kz
Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстанмен әуе қатынасына жағдай жасау саласындағы әріптестікке көңілі толмайтынын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 қыркүйекте Беларусь Премьер-министрі Александр Турчинмен кездесу барысында Беларусь басшысы авиация саласындағы Қазақстанмен ынтымақтастық мәселесін қозғады. "БЕЛТА" басылымының жазуынша, Лукашенко көтерген мәселелердің бірі – Қазақстанның жекеменшік әуе компанияларының Беларусь арқылы ұшуы.

"Біздің ұшақтарға онда қызмет көрсетілмейді, жанармай құйылмайды. Сол сияқты ресейлік ұшақтарға қызмет көрсетіледі, жанармай құйылады, ал беларусьтікіне – жоқ, – деді Президент. – Бұл жағдайды түзету керек. Қазір бұл мәселе ерекше бақылауға алынды", – деді ол.

Лукашенконың айтуынша, мұндай жағдайда Беларусь өзінің ұлттық мүдделерін нақты ұстануы тиіс.

"Біз өз мүддемізді сақтауымыз керек, – деп атап өтті Александр Лукашенко. – Егер бұл мүдделер басқа елдермен сәйкес келсе – жақсы. Сәйкес келмесе – ымыра іздейміз. Адам ретінде қарым-қатынас жасаймыз. Себебі Қазақстан – бізге жат ел емес. Бұл – ЕАЭО аясында әріптес ел. Біз әрдайым Қазақстанмен жақсы қарым-қатынаста болдық. Бұл қатынастарды бұзуға болмайды. Бірақ ұлттық мүддемізді де ұмытпауымыз керек", – деді ол.

Бұған дейін Түркіменстанда жалақы мен жәрдемақылардың өсуін тоқтату ұсынылғанын жазғанбыз. 

Қазақстан
Беларусь
Лукашенко Александр

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды