АҚШ-та жүзді алқамдаған мормондар көшбасшысы Рассел Нельсон қайтыс болды

Сурет: newsroom
Америкадағы діни ұйым – "Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуінің" (көпшілік арасында мормондар деп те аталады) президенті Рассел Нельсон 101 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабар шіркеудің ресми сайтында жарияланды.

"Қайғыра отырып, Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуінің аса қадірлі президенті Рассел М. Нельсонның өмірден өткені туралы хабарлаймыз. Ол Юта штатындағы Солт-Лейк-Сити қаласындағы үйінде бейбіт түрде дүниеден озды", – делінген ақпаратта.

Мормондар – Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуінің мүшелеріне берілген бейресми атау. Бұл — өзін қайта қалпына келтірілген христиан діні деп есептейтін, бірегей теологиясы бар діни ағым. Олар Інжілге және басқа да қасиетті кітаптарға, соның ішінде Мормон кітабына сеніп, Иса Мәсіхтің үлгісіне еріп, Құдайға оралуға ұмтылады.

Бұған дейін Тигран Кеосаянның 59 жасында көз жұмғанын жазғанбыз

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады: 18 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бірыңғай QR: қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстандықтарға қаржылық пирамиданың негізгі белгілері түсіндірілді