Испанияда қайтыс болған ер адам 15 жыл бойы көмусіз қалған

Сурет: pixabay
Фонтсант ауданындағы Луис Фенолл көшесіндегі үйдің тұрғындары нөсер жаңбырдан басталып тасқынға ұласқан табиғи апаттан кейін егде жастағы көршісінің 15 жыл бұрын қайтыс болып, көмусіз қалғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

El Caso мәліметінше, ер адамның пәтерін су басып қалған. Бұл ретте, көршілері көптен бері көрінбеген зейнеткерді қарттар үйінде тұрады деп ойлап, жоғалып кеткені жайлы ешкімге хабарламаған. Осылайша, су тасқынының салдарын жою үшін келген құтқарушылар бос пәтерге терезе арқылы кірген. Онда мамандар қоқыстардың арасынан адам қаңқасын тапты.

Сарапшылардың айтуынша, зейнеткер шамамен 15 жыл бұрын табиғи себептермен немесе жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болған. Пәтер иесі тірі болса шамамен 86 жасқа келер еді деп болжануда.

Бұған дейін Техаста жеке ұшақ апатынан екі адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі