Мадагаскар елдегі әскери төңкеріс салдарынан Африка одағынан уақытша шығарылды

Сурет: pixabay
Мадагаскардағы әскери төңкерістің өршуі салдарынан Африка одағы (АО) арал елін өз құрамынан уақытша шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Amani Africa басылымының жазуынша, Мадагаскардағы бірнеше аптаға созылған шерулер мен президент Андри Радзуэлинаның елін тастап, қашып шығуы Африка одағының 1306-шы сессиясы мүшелерінің осы шешімге келуіне түрткі болған.

"Мадагаскардың мүшелігі енді уақытша тоқтатылды", – деп мәлімдеді Африка одағы комиссиясының басшысы Махамуд Али Юсуф.

Айта кетсек, қыркүйек айының соңынан бері арал елінде электр және су жабдықтарының үзілуіне байланысты жаппай наразылықтар болып, кейін ол бүлікке ұласты. Бұл ретте, Мадагаскар президенті елдегі қарсылықтар аясында үкіметті тарату туралы мәлімдеген еді. Дегенмен, көп ұзамай өзі елін тастап, қашып шықты.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды