Түркияға демалуға келген ресейлік әйел бір аптадан бері ұшты-күйлі жоғалған

Сурет: freepik
Қазан айының соңында Санкт-Петербургтің 41 жастағы тұрғыны 12 жастағы ұлын ертіп, демалысқа Антальяға барған. Алайда, сол жерде әйел із-түссіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Известия" газетінің мәліметінше, 31 қазанда әйел қонақүйден басқа бір демалушымен бірге шыққан. Ер адамның айтуынша, олар теңіз жағасында демалып, шомылғаннан кейін ол волейбол ойнауға кеткен, ал әйелді содан кейін қайта көрмеген.

Сол күні кешкі сағат 19:00 шамасында, жағажайдағы қоқыс жинаушының айтуынша, ресейлік әйел теңіз маңындағы отырғышта ұйықтап жатқан.

Одан кейін туристі көрген-білгендер болмаған.

Іздеу жұмыстарына құқық қорғау органдары, жағалау күзеті, құтқарушылар және Ресей консулдығының өкілдері қатысып жатыр. Алайда, әзірге ол нәтиже бермей тұр.

Бұған дейін Канар аралдарында он шақты туристі толқын алып кеткенін жазғанбыз.

Ресей
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі