Өзбекстанда той үстінде қайын енесі келінімен қақтығысқа түсе жаздады

Сурет: pixabay
Өзбекстанда қайын енесі тойда келінінің сәлем салуы кезінде беймәлім себептермен оған тап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қонақтардың көз алдында орын алған оқиға бейнетаспаға түсіріліп, желіде кеңінен тарады.

Кадрлардан келин-салом дәстүрі кезінде әйел адамның кенеттен бойжеткенге тап беріп, оны бірнеше мәрте көтеруге тырысқанын көруге болады. Дегенмен, күтпеген әрекеттен ене мен келінде жерге құлап түседі. Егде жастағы әйелдің мұндай әрекетке не үшін барғаны түсініксіз.

Өз кезегінде желі қолданышылары өзбек халқында мұндай оғаш дәстүр жоқ екенін айтып, сірәсі әйел "үйде кімнің бастық екенін бірден көрсетпек болды", деп топшалап отыр.

Бұған дейін Жаңа Зеландияда ер адамның құны 20 мың доллар тұратын әшекейді жұтып қойғанын жазғанбыз.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді