Жаңа Зеландияда түсірілім кезінде журналистке құс шабуыл жасап, қыздың бетін жырып жіберді

Сурет: Instagram/jessicatyson08
Окленд іскерлік орталығындағы түсірілім кезінде тележурналист Джесс Тайсон оқыс оқиғаға тап болды. Оған күтпеген жерде құс шабуылдап, бетін жырып жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Джесс Тайсон – бұрынғы Жаңа Зеландия аруы және Māori TV тілшісі. Бойжеткен оқыс оқиға алдында түсірілім жасап, оны қайталмаққа ниет білдіріп тұрған.

Күтпеген соққыдан кейін қыз көзін қолымен басып, кері қарай бұрылып кеткен. Оператор одан қан кетіп жатқанын байқап, түсірілімді тоқтатады. Тілшіге қажетті көмек көрсетілген.

Журналист оқиғаның үзіндісімен Instagram парақшасында бөлісті.

Кейінірек көзіндегі жараның суретін де жариялады.

Сурет: Instagram/jessicatyson08

"Өте біртүрлі. Жақында ғана саусағымды кесіп алып едім, одан кейін велосипедтен құлап, қолымды жарақаттадым, ал енді бұл...",- деп жазды ару.

Бұған дейін Жаңа Зеландияда ер адамның құны 20 мың доллар тұратын әшекейді жұтып қойғанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады