Еуроодақ Грузияға қаржылай қолдау көрсетуді тоқтатады

Сурет: pixabay
2025 жылдың қорытындысы бойынша Еуроодақ Грузияға ешқандай қаржылай көмек көрсетпейді. Ал, 2024 жылы ЕО грузин билігіне тікелей беріліп келген, жалпы сомасы 120 миллион еуродан асатын қаржылай көмекті тоқтатқан болатын. Аталған қаражат экономикалық реформаларды жүзеге асыруға арналған еді.

"Известия" газетінің жазуынша, Еуропалық комиссия Грузияны терең саяси дағдарысқа ұшыраған ел деп санайды. Сонымен қатар, 2024 жылғы парламенттік сайлаудан кейін елдегі адам құқықтарының жағдайы айтарлықтай нашарлаған.

Қараша айының соңында билік басындағы "Грузин арманы – демократиялық Грузия" партиясының бас хатшысы, Тбилиси қаласының әкімі Каха Каладзе Еуроодаққа мүшелікке өту жөніндегі келіссөздерден бас тартқаннан кейін бір жыл өткен соң, Грузия өз егемендігін едәуір нығайтқанын мәлімдеген.

2024 жылғы 28 қарашада Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Еуроодаққа мүше болу жөніндегі келіссөздер мәселесін 2028 жылға дейін тоқтата тұратынын жариялады. Осыдан кейін елде жаппай тәртіпсіздіктер басталды.

Наразылық білдірушілер жаңа парламенттік сайлау өткізуді, сондай-ақ бұған дейін өткен акциялар кезінде ұсталған азаматтарды босатуды талап етті.

Бұған дейін Қазақстаннан Грузия бағытына қарай жаңа әуе рейсі ашылғанын жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлаған