Түркияда Мәрмәр теңізі тартылды

Сурет: pexels
Түркияда Мәрмәр теңізі жағалаудан шамамен 20 метрге дейін тартылды. Бұл табиғи құбылыс 16 желтоқсан, сейсенбі күні тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Habertürk телеарнасының мәліметінше, аталған жағдай Текирдаг провинциясына қарасты Мармараэреглиси қаласының тұрғындарын алаңдатқан.


"Теңіз жағалаудан шамамен 20 метрге алыстап, ал қайықтар құрлықта қалып қойған. Тұрғындар бұл құбылысқа алаңдаулы", – делінген телеарна хабарламасында.

Айта кетерлігі, осындай жағдай 2023 жылы да болған. Ол кезде бұл құбылысқа қатысты Кандилли обсерваториясының ғалымдары арнайы түсініктеме берген. Онда ғалымдар мұны атмосфералық қысымның өзгеруінен туындаған метеорологиялық құбылыс деп атап, теңіздің шегінуі жер сілкіністерімен байланысты емес екенін мәлімдеген.

Бұған дейін әлемдегі алмаз қоры қашан таусылатындығы болжанғанын жазғанбыз.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Давид Лория әкесіне іздеу жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған