Анталья туристер саны бойынша жаңа рекорд орнатты

Сурет: freepik
Бір жыл ішінде Антальяға 17 миллионнан астам турист келген. Сарапшылар бұл көрсеткіш рекордтық деңгей, деп отыр. Демалушылардың басым бөлігі Ресейден және Еуропаның екі елінен келген. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

РИА Новости мәліметінше, 2025 жылы Анталья 17 миллионнан астам турист қабылдап, жаңа рекордқа қол жеткізді.

"Біз 2025 жылды рекордпен аяқтадық. Анталья соңғы 12 айда 17 миллион 122 мың 548 қонақты қабылдады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім 1,17% болды", – деді Түркияның туризм министрі Мехмет Нури Эрсой..

Оның айтуынша, туристер саны бойынша алдыңғы үштікке Ресей Федерациясы, Германия және Ұлыбритания кірген.

2025 жылдың қараша айында Түркияда демалған шетелдіктер арасында Ресей туристері бірінші орынға шықты. 11 айдың қорытындысы бойынша ресейліктер Германия азаматтарын аз ғана айырмашылықпен басып озған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, қараша айында Түркияға 287 мыңнан астам Ресей азаматы келген, ал 11 ай ішінде олардың жалпы саны 6,5 миллионнан асқан.

Бұған дейін Таиландтағы ядролық жарылысқа ұқсас ерекше отшашу тұрғындарды шошытқанын жазғанбыз.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды