2026 жылы жүзеге асатын әлемдегі ең ірі сәулет жобалары аталды

Сурет: pixabay
Биыл құрылысы аяқталып, көпшіліктің назарын аударады деп күтіліп отырған 11 ғимараттың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN мәліметінше, тізімнің басында Барселонадағы Қасиетті Әулет ғибадатханасы, яғни Саграда Фамилия тұр. Биыл сәулетші Антонио Гаудидің қайтыс болғанына 100 жыл толуына орай биіктігі 170 метр болатын Иса Мәсіх мұнарасының құрылысы аяқталмақ. Бұл — ғибадатхананың 18-ші әрі соңғы шпилі.

Келесі орында Нью-Йорктегі Бесінші авеню, 520 мекенжайында орналасқан зәулім ғимарат аталады.

"Қалада зәулім ғимараттарға деген көзқарас өзгеріп келеді. Әйнек қапталған қасбеттер дәуірінің орнын АҚШ-тың сәулет тарихына сілтеме жасайтын, салтанатты әрі айбынды мұнаралар басуда", — деп жазады CNN.

Тізімге сондай-ақ Миланның оңтүстік-шығысында орналасқан Олимпиада ауылы да енді. Онда биыл өтетін Олимпиада кезінде бірнеше мың спортшы орналастырылады. Ойындар аяқталған соң кешенді қолжетімді студенттік тұрғын үйге бейімдеу жоспарланып отыр.

CNN тізіміне енген өзге нысандар:

Сонымен қатар тізімге соңғы 40 жылдағы Мельбурн қаласының теміржол желісіндегі ең ауқымды жаңғырту ретінде сипатталған метро туннелі және Қытайдың Дунгуань қалалық округінде орналасқан, смартфон өндіруші ірі компаниялардың бірі OPPO-ның ғылыми-зерттеу орталығы да енгізілді.

Жаңа жыл мерекелері кезінде Триумф аркасы Усман Дембеленің бейнесімен және ПСЖ клубының түстерімен безендірілді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан

2027 жылы Қазақстанда қандай отбасылар ауқатты деп танылып, жәрдемақыдан қағылуы мүмкін