Николас Мадуро Венесуэлада төтенше жағдай жариялады

Сурет: Facebook/Николас Мадур
Венесуэла Президенті Николас Мадуро елде төтенше жағдай енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mehr News Agency ақпаратынша, саясаткер халықты "империалистік агрессияға қарсы жеңіске жету үшін" мобилизациялануға шақырды.

Сонымен бірге АҚШ армиясының өкілі The New York Times басылымына Каракастағы жарылыстарға американдық күштердің қатысы мүмкіндігі туралы түсініктеме беруден бас тартқан.

Алайда АҚШ басшысы Дональд Трамп әкімшілігі Каракаста болған жарылыстардан хабардар. Кейін CBS арнасының тілшісі Дженнифер Джейкобс Мадуроға қарсы Венесуэлада әскери нысандарға соққылар беру жөнінде Трамптың бұйрық бергенін мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Венесуэла астанасында АҚШ-пен қақтығыстың шиеленісуі фонында жарылыстар болғаны хабарланған. Содан кейін Колумбия Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақыруды талап еткен.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қызметкер жұмысқа кешіксе жұмыс беруші айыппұл сала ала ма