Турнирдің ұйымдастыру комитетінің ақпараты бойынша, сонымен қатар шоуға итальяндық опера әншісі Андреа Бочелли мен итальяндық әнші Лаура Паусини қатысады.
Сурет: Instagram/milanocortina2026
Айта кетсек, Бочелли 2006 жылы Туриндегі ойындардың жабылуында да ән айтқан еді. Әнші басқа да ірі спорттық іс-шараларға тұрақты түрде қатысады. Мәселен, 2016 жылы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында, 2022 жылы "Алтын доп" салтанатында, 2020 жылы Тосканадағы алғашқы Формула-1 Гран-приінде, 2020 жылы футболдан Еуропа чемпионатының ашылуында өнер көрсетті.
Бұған дейін Джеки Чанның қысқы Олимпиада ойындарының алауын алып жүргенін жазғанбыз.