100 мыңнан астам виза күшін жойды: АҚШ Мемлекеттік департаменті қауіпсіздік шараларын күшейтті

Сурет: freepik
АҚШ Мемлекеттік департаменті 100 мыңнан астам визаның күшін жойды. Олардың ішінде шамамен 8 мың студенттік виза және 2,5 мыңға жуық арнайы виза бар. Бұл визалар бұрын қылмыстық әрекеттерге байланысты құқық қорғау органдарымен байланысы болған адамдарға берілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл шаралар елдің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Нақтылай айтқанда, АҚШ аумағында заң бұзғаны анықталған тұлғалардың визалары ғана жойылған.

"Біз бұл қылмыскерлерді депортациялауды жалғастырамыз, осылайша Америка қауіпсіз ел болып қала береді", – деп мәлімдеді АҚШ-тың дипломатиялық ведомствосы.

Бұған дейін Трамп Иранның іскери серіктестеріне баж салығын енгізгенін жазғанбыз.

АҚШ
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі